Португалия плей-оффқа шықты – ӘЧ

 Катар астанасы Доха қаласында футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр және топтық кезеңнің екінші кездесулері өтті.

Әсіресе H тобындағы Португалия бұл жолы Уругвай құрамасын жеңіп, уақытынан бұрын плей-оффқа шығып қойды. Алғашқы гол 54-минутта соғылды. Бруно Фернандештің Кориштиану Роналдуға көтерген добы қарсыластар қақпасынан табылды. 

Артынша нақтырақ айтқанда 93-минутта дәл осы  Фернандеш дубьлдің авторы атанды. Ол төреші белгілеген 11 метрлік айып добын сәтті орындады. 

Қорытынды есеп: 2:0. Жеңіске жеткен Португалия 6 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Ал Уругвай ең соңғы сатыда. Бірақ, плей-оффқа шығу мүмкіндігі бар. H тобындағы шешуші мачттар 2-ші желтоқсанда өтеді.

ӘЧ: қос рекорд тіркелген матч

Қос рекорд тіркелген матч. «Н» тобындағы қалған екі команда, яғни, Гана мен Оңтүстік  Корея құрамалары өзара мықтыны анықтады. Кездесу аса тартысты өтті және оның барысында 5 гол соғылды. Алдымен Гана ойыншылары Мохамед Салис пен Мухамед Кудус мергендігімен көзге түсіп, 2:0 есебмен алға шықты. 

Корялық ойыншылар таразы басын теңестірудің ретін тапты. Шабуылшы Чхо Кю Сун 3 минуттың ішінде 2 гол соғып, стадионға жиналған жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. 

Айта кету керек, Чхо Кю Сун әлем чемпионатындағы мачта  екі гол соққан алғашқы оңтүістіккорялық ойыншы. Бұған қоса, 2 голды да баспен соққан алғашқы азиялық ойыншы атанды. Соған қарамастан, Гана ойыншылары матч соңына дейін мүмкіндігін сәтті пайдаланып, қорытынды есепті 3:2-ге жеткізді. Авторы тағы да  Мухамед Кудус. 

Жеңіске жеткен Гана 3 ұпаймен өз тобының екінші сатысына жайғасты. Оңтүістік Корея бір саты төмен тұр. Енді шешуші, яғни, үшінші турда Португалия мен Оңтүстік Корея және Гана мен Уругвай құрамалары кездеседі. 

ӘЧ: Бразилия Швейцарияны ұтты

Бразилия да плей-оффқа шықты. Әлемнің бес дүркін чемпиондары және дәл осы жарыстың басты фавориттері өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Бл жолы олар Швейцария құрамасымен жолыққан болатын. Алғашқы гол 64-минутта соғылды. 

Бірақ, төреші бейнеқайталау көмегіне жүгініп, Винисиус Жуниор голын есепке алмады. ВАР жүйесі бір футболшының ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Артынша Бразилия жігіттері тағы қарсыластар қапасының осал тұсын тапты. Авторы Каземиро. 

1:0 есебімен жеңіске жеткен Бразилия 3 ұпай жинап, өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Швейцарияда 3 ұпай бар. Қалған 2 команда 1 ұпайдан еншіледі. Сондықтан Бразилия сенімді түрде топтық кезеңнен кейін де жарысты жалғастыра береді. 

ӘЧ: Сербия мен Камерун тең түсті

Сербия мен Камерун тең түсті. G»тобындағы қос команда Аль-Вакра қаласында жолыққан болатын.  Есепті камерундықтар ашты. Ал Сербия ойыншылары бірінші кезеңнің қосымша уақытында қос бірдей гол соғып, футбол сарапшыларын тәнті етті. Алдымен Страхинья Павлович, араға 1 минут салып командаласы Сергей Милинкович-Савич мергендігімен көзге түсті. 

Екінші кезеңде тіптен қызықты жағдай орын алды. Сербия сапындағы Александар Митрович есеп айырмасын ұлғайтқан болатын. Бірақ бұл жолы Камеру құрамасы 3 минуттың ішінде 2 гол соғып, таразы басын теңестірді. Яғни 63 минутта Венсан Абубакар, ал 66 минутта Эрик Шупо-Мотинг  мүмкіндігін мүлт жібермеді. 

Қорытынды есеп: 3:3. Сәйкесінше қос құрама 1 ұпайдан еншілеп, турнир кестесінің, сәйкесінше үшінші және төртінші сатыларына жайғасты. Шешуші турда Камерун Бразилиямен, ал Сербия Щвейцариямен кездеседі. Барлық команданың да топтан шығу мүмкіндігі бар. Қатардағы әлем чемпионаты 18 желтоқсанға дейін жалғасады.