loader

Қазақстан эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында орын алды

Қазақстан эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында орын алды

Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Отандастарымыз үшінші орын иеленген жарыс Австрияның Грац қаласында өтті. Алматының «Кербезі» мен «Санрайс» командасының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, чемпионат шыңын бағындыруға бір қадам жақын тоқтады. Әлем чемпионатына 20 елдің спортшылары қатысқан. 

Алтынай Нұркенқызы, эстетикалық топтық гимнастикадан қазақстан құрамасының мүшесі:

- Бұл біріншіден мен үшін, менің командам үшін өте үлкен мүмкіндік. Екіншіден, патриотизм ойнап тұрады десем болады басқа елде болған кезде. Үшіншіден, өз елімнің туын биік көтеру өте үлкен мүмкіндік және өте құрметтеймін өз туымды.

Әмина Мұқанова, эстетикалық топтық гимнастикадан қазақстан құрамасының мүшесі:

- Біз әлемдік аренада осындай нәтиже көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Барлық бапкерлерімізге, ата-аналарымызға және қолдау көрсеткен адамдарға алғысымызды айтамыз.

Сондай-ақ...