ӘЧ: Тунистің сенсациялық жеңісі

Әлем чемпиондары Тунистан жеңілді. Қатар астанасы Доха қаласында футболдан дүниежүзілік дода жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні тағы бір сенсация тіркелді. «Д» тобының соңғы турында Франция мен Тунис құрамалары жолықты. Алғашқысы бұған дейін 2 рет жеңіске жетіп, уақытнан бұрын плей-оффқа шығып қойған еді және дәл осы кездесудің де айқын фавориті болды. Бірақ, бас бапер Дидье Дишам бұл жолы екінші нөмірлі футболшыларды жасыл алаңға шығарып, өнер көрсетулеріне мүмкіндік берді. Матч барысында 2 гол есепке алынбады. 7-ші минутта Тунис футболшылары ойыннан тыс қалса, соңғы минуттарда, керісінше, франциялық Антуан Гризманның голын төреші тіркемеді. Кездесудегі жалғыз гол 58-ші минутта соғылды. Авторы - Вахби Хазри. Қорытынды есеп: 1:0. Жеңіске жеткен Тунис бас-аяғы 4 ұпай жинап, өз тобының үшінші сатысына жайғасты. Яғни, африкалық команда үшін әлем чемпионаты осымен аяқталды. Ал Франция тізімде бірінші тұр және жарысты жалғастырады.