ӘЧ: Мексика плей-оффқа шыға алмады

Мексика плей-оффқа шыға алмады. Солтүстік Америкалық командада жарысты жалғастыру мүмкіндігі болған. Тіпті, соңғы турда Сауд Арабиясын 2:1 есебмен ұтып, Польшамен бірдей ұпай жинады. Бірақ, қосымша көрсеткіштер бойынша сәл төмен тұр. «С» тобындағы қос құрама Доха іргесіндегі Эд-Дайиан елдімекенінде жолықты. Мексикалық жігіттер ойын басынан белсенді болып, 2 бірдей гол соқты. 47-ші минутта Энри Мартин, араға 5 минут салып  Луис Чавес мергендігімен көзге түсті. Ал Сауд Арабиясы сапындағы  Салем Аль-Досари ең соңғы минутта есеп айырмасын қысқартты.

Айта кету керек, дәл осы гол Мексикаға қатысты көрсеткіштерді наашрлартып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Осылайша Мексика да, Сауд Арабиясы да топтық кезеңнен аса алмай, әлем чемпионатын аяқтауға мәжбүр.