ӘЧ: Аргентина Польшаны ұтты

Аргентина плей-оффқа шықты. Лионель Месси жанкүйерлері үшін топтық кезең сәтті аяқталды. Оңтүстікамерикалық команда алғашқы турда Сауд Арабиясынан жеңіліп, турнир тізіміндегі жағдайын нашарлатып алып еді. Бірақ, әр ойын сайын қарқынын күшейтіп, күні кеше керемет нүктесін қойды. Матч басында Мессиге есеп ашу мүмкіндігі берілді. Бірақ, ол 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады. Есеп екінші кезеңде ашылды. 46-шы минутта Алексис Макаллистер мүмкіндігін мүлт жібермеді. Араға 20 минут салып командаласы Хулиан Альварес есеп айырмасын ұлғайтты. Қорытынды нәтиже: 2:0. Жеңіске жеткен Аргентина 6 ұпаймен С тобының бірінші сатысына көтерілді. Польшада 4 ұпай бар және еуропалық команда да плей-офққа жолдама алды.