Қазақстанның гандбол құрамасы Кореяда финалға шыға алмады

Қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады.

Шешуші кездесуде жерлестеріміз Жапония қарсыластарынан 21:33 есебімен ұтылды. Соған қарамастан, біздің құраманың әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салу мүмкіндігі әлі де бар.  Әлем чемпионатына Азияның 5 үздік командасы барады. 5-орын үшін күресте біздің қыздарға Өзбекстан, Үндістан және Таиланд құрамалары қарсылас болады.