ӘЧ: Аргентина ширек финалға шықты

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатынан бірер хабар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аргентина командасы Австралия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Матчта қарсыластарына алғашқы допты команда капитаны Лионель Месси соқты. Ал 57-ші минутта Хулиан Альварес Австралия қақпасына тағы бір гол салып, есепті еселеді. Австралиялықтар болса есеп айырмасын 77-ші минутта ғана қысқартты. Жартылай қорғаушы Крейг Гудвинннің тепкен добы аргентиналық Энцо Фернандеске тиіп барып қақпаға кірді. Айтпақшы Лионель Месси өзінің карьерасында осымен 1 мыңыншы ойынын өткізді. Енді аргентиналықтар АҚШ құрамасын ұтқан Нидерланд командасымен жасыл алаңда жолығады. Бүгін Франция мен Польша, ал түн ауа Англия мен Сенегал ойнайды.