Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы бір жылдан кейін Еуропаның үш елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лицензия Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатында берілді. Қазақ гандболшылары Азиядағы үздік бес команданың қатарына енді. Қыздарымыз Қытай мен Жапония құрамаларынан жеңіліп, Гонконг, Таиланд, Өзбекстан және Үндістан гандболшыларын басып озды. Бапкерлер Қазақстанның негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамаларының ойыншыларын алаңға шығарды. Гандболдан әлем чемпионаты келер жылы желтоқсан айында Дания, Норвегия және Швецияда өтеді.

Олеся Малышева, гандболдан ҚР Әйелдер ұлттық құрама командасының мүшесі:

- ХІХ Азия чемпионаты маған көп эмоция берді. Біз көп опыт алдық. Бәрі командалары жақсы ойнады.

Жаннат Әйтенова, гандболдан ҚР Әйелдер ұлттық құрама командасының қақпашысы:

- Мен үшін осы Азия чемпионаты ерекше болып өтті. Біріншіден әр команда әртүрлі тильде ойнайды ғой. Мен үшін мен вратарь болғасын әр командада әртүрлі бросоктар болады, сол үшін маған ерекше болды. Осы Азия өте жоғары деңгейде өтті, мен өз командамды құттықтағым келеді, әлем чемпионатына жолдама алғанымен.