loader

Франция әлем чемпионатында ширек финалға шықты

Франция әлем чемпионатында ширек финалға шықты

Қатар астанасы Доха қаласында футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні әлем чемпиондары өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді.

Дидье Дешам баптайтын жігіттер плей-офф аясында Польша құрамасымен жолыққан болатын. Француздар мачт басынан басымдықты өз қолдарына алып, 44-минутта есеп ашты. Авторы Ольвье Жиру. Айта кету керек, Жиру ұлттық құрама үшін осымен 52-голын соғып тұр. Яғни бір кездері Тьерри Анри тіркеген рекордтты жаңартты деген сөз. Ал екінші кезең басында командаласы  Килиан Мбаппе есеп айырмасын еселеді. Дәл осы Мбаппе матч соңында тағы бір рет мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Ең соңғы минутта Польша құрамасы қарымта бір доппен жауап берді. Онда да Роберт Левандовски  11 метрлік айып добын екінші мүмкіндікте ғана сәтті орындады. Қорытынды есеп: 3:1. Франция жарыс жолын жалғастырады. Ал Польша құрамасы үшін биылғы әлем чемпионаты осымен аяқталды.

Сондай-ақ...