Футбол. Англия Сенегалды ұтты

Англия Сенегалды ұтты. Жарыстың кезекті күні тағы бір ширек финалдың жолдамасы сарапқа салынды.

Айта кету керек, Сенегал әлем чемпионаты басталмай тұрып, Садио Мане сияқты ойыншысынан айырылған болатын. Яғни ол жарақатына байланысты жасыл алаңға шыға алмады. Соған қарамастан африкалық команда плей-оффқа дейін жетті және соңғы ойынды да белсенді бастап, қарсыластар қақпасына біраз қауіп төндірді. Бірақ есепті ағылшындар ашты. 38-минутта жартылай қорғаушы Джуд Беллингем мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал оның командаласы Гарри Кейн  бірінші кезең аяқталмай тұрып, таблодағы нәтижені 2:0-ге жеткізді. Англия құрамасы 2-кезеңде де командалық ойын көрсетіп, тағы бір рет мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 3:0. Сенімді түрде жеңіске жеткен Англия енді ширек финалда Франциямен жолығады. Матч 11 желтоқсанда өтеді. Ал әлем чемпионатының өзі 18 желтоқсанға дейін жалғасады.