loader


Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Жылдың қорытынды жарысы.

Павлодарда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса қатысушы жиналды. Халықаралық бокс қауымдастығының талабы бойынша ішкі біріншілік 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр. Әсіресе, 63 келідегі бәсеке өте жоғары деңгейде. Өйткені, осы санатқа 29 бірдей былғары қолғап шебері жиналған.  Оның ішінде өткен Азия және Әлем чемпионатына қатысқан Санатәлі Төлтаев, одан бөлек, Сұлтан Мусин, Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Елнұр Сүйінбай, Талғат Сырымбет сияқты жас та талантты спортшылар бар. Айта кету керек, жуырда ғана Иорданиядағы құрлықтық додада жүлдеге іліккен жерлестеріміз бұл жарысқа қатыспайды. Ел чемпионаты 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ж. Үшкемпіровты еске алуға арналған турнир  

Ел үздіктері елордаға жиналды. Бұнда еркін күрестен балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті. Айта кету керек, байрақты бәсеке даңқты палуан және қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкеміповты еске алуға арналды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық қатысушы жиналып, 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Яғни, 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер 6, ал, 2011 және 2013 жылғы балалар 7 салмақта медальдар жиынтығын сарапқа салды. Осындай форматтағы жарыстарды тұрақты ұйымдастыру арқылы еркін күрестің насихатын күшейтіп, болашақ чемпиондарды қазірден басап даярлауға болады дейді мамамандар. Айта кетейік,  Жақсылық Үшкеміповты еске алуға арналған республикалық турнир осымен 2-ші мірте ұйымадстырылды және алдағы уақытта да оны тұрақты өткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ...