Аргентина Катарда финалға өтті

Аргентина финалға шықты. Бірер күндік демалыстан кейін аладоп аламаны қайта жанданды. Қатар астанасы Доха қаласында әлем чемпионатының жапртылай финалдық алғашқы кездесуі өтті. Оның аясында Аргентина және Хорватия құрамалары жолыққан болатын. Матч алдында оңтүістік амеркалық жігіттер фаворит саналды. Сәйкесінше, ойын басынан басымдықты өз қолдарына алып, алғаш болып есеп ашты. Авторы – Лионель Месси. Ол 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Артынша оның командаласы Хулиан Альварес те мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын еселеді. Ал, екінші кезеңде дәл осы Альварес дубльдің авторы атанды. Қорытынды есеп: 3:0. Чемпионатты сәтсіз бастаған Аргентина әр матч сайын қарқынын күшейтіп, ақыры соңғы сынға жолдама алып отыр. Ал, оның қарсыласы бүгін анықталады. Жартылай финал аясында Франция мен Марокко құрамалары кездеседі. Жеңілген команда Хорватиямен ойнап, қола жүлдені сарапқа салса, жеңіске жеткені Аргентинамен әлем чемпионым атағына таласады. Қатардағы дүниежүзілік дода 18-ші желтоқсанға дейін жалғасады.  

Жаңа форматтағы әлем чемпионаты 

Әлем мықтылары Астанаға жиналды. Дәл қазір бұнда қазақ күресінен  дүниежүізілік дода өтіп жатыр. Биылғы бәсекенің ерекшелігі – жарыс тек ерлер арасында ғана емес, алғаш рет әйелдер арасында да ұйымдастырылды. Яғни, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бұрымдылар да қазақ күресінен әлем чемпиона деген атақты сарапқа салады. Бұған қоса, бағдарламаға жастар мен жасөспірімдердің де белдесулері қосылған. Дүбірлі додадаға 40-қа жуық елден 350 палуан жиналды. Олар  Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы жарыс күндерінің қорытындысы бойынша жерлестеріміз жалпы тізімде алда тұр. Яғни, ұлттық құрама спортшылары 8 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алды. Бірақ, басқа қарсыластардың да қарым-қабілеті жоғары, сәйкесінше, бәсекелестік те жыл өткен сайын артып келеді дейді мамандар. 