ӘЧ-2022: Жанкүйерлердің көңіл-күйі

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының шешуші ойыны күллі жанкүйерлерге түрлі эмоция сыйлаған нағыз тартысты текетіреске айналды.

Матчтан кейін кеудесін қуаныш кернеген Аргентина халқы жеңісті тойласа, Франция жанкүйерлері ашуға булығып, көшеде бүлік шығарды. Төрткүл дүние көз тіккен чемпионаттың шешуші ойыны күллі жанкүйерлерді дүр сілкіндірді. Негізгі уақыттағы 11 метрлік нүктедегі дәлдік, екі рет берілген қосымша уақыт пен пенальти көрермендердің  сан түрлі эмоциясын туғызды. 

Аргентина шаһарларының көшесі Ақ пен көк түске боялды. Осы сәтті Аргентиналықтар 36 жыл күтті. Бұл команданың әлемдік мундиалдағы үшінші жеңісі.

Елисей алаңындағы атмосфера да қызып тұр. Шаһар көшелеріне шыққан халық отшашу ұйымдастырып, сезімдеріне ерік беруде. Өкпе, реніш, ашу-ыза бәрі аралас. Аймақтағы қауіпсіздікті қадағалау үшін жүздеген тәртіп сақшы тартылды. Кей фанаттар полицияға шабуылдап, тәртіпсіздік орнатқан.

Лусаил, Катар:

- Бұл чемпионат әлемдік футбол тарихында рекордқа толы дода болды. Оған Азия мен Африка құрамаларының жеңістерін жатқызуға болады. Ал, әлемдік жарысты ұйымдастыру үшін 200 млрд доллар қаражат жұмсалған. Шара экология мәселесі мен адам құқығы жағынан бірнеше рет сынға алынды.