Алматыдағы әлем чемпионатына шахматшы Магнус Карлсен қатысып жатыр

Алматыда шахматтың блиц және рапид түрлері бойынша әлем чемпионаты басталды.

Байрақты бәсекеге 50 елден 300-ге жуық спортшы келген. Қатысушылардың арасында Магнус Карлсен, Хикара Накамура, Фабиана Каруана сиқяты әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған жігіттер бар. Ал қыздар арасында қазақстандық Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева басты фавориттер қатарына кіреді. Жалпы бұндай деңгейдегі бәсекеге қатысу үшін спортшының рейтингтегі ұпайы ерлер арасында 2550-ден, ал, әйелдер арасында 2250-ден кем болмауы керек. Дүниежізілік дода 30-шы желтоқсанға дейін жалғасады. Оның аясында 4 медаль жиынтығы, яғни, ерлер арасында рипид пен блитцтегі үздіктер және дәл солай әйелдер арасындағы әлем чемпиондары анықталады. Ал, жарыстың жалпы жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайды. Еске сала кетейік, Қазақстан бұған дейін де шахматтан дүниежүзілік додаларды қабылдады. 2019 жылы  командалық әлем чемпионаты өтсе, 2013 жылы әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты ұйымадстырылғна болатын.