Шахматтан Алматыдағы әлем чемпионатының қызығы енді басталды

Шахматтан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының қызығы енді басталды.

Қызығы сол, ресми жарыстан бөлек жанкүйерлер мен жас шахматшыларға  арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылыпты. Мәселен, Латвияның экс экономика министрі, Халықаралық шахмат федерациясының басқарушы директоры Дана Озола бір мезетте бірнеше ойыншымен шахмат ойнады. 2001 жылы гроссмейстер атанған латвиялық ханымға қазақ өрендері кәдімгідей қарсылық көрсетті.

Дана Рейзниеце-Озоланың есімі әлемге әйгілі. 2000 жылдардың басында шаршы тақта алдында қарсылас шыдатпаған Озола кейін спорттан саясатқа ауысып, Латвияның экономика және қаржы министрі болған. 2021 жылдан бері ФИДЕ-нің басқарушы қызметін атқарып келе жатқан Дана  Озола бүгін Балуан Шолақ сарайында қазақстандық жас шахматшыларға шеберлік сабағын өткізді. 1 мезетте 24 ойыншымен шахмат ойнаған

Кәрім Айтжан, шахматшы:

- Мен шахматпен 3 жасымнан айналысамын. Бүгін гроссмейстермен ойнадым. Тіпті ол кісіні жеңіп кеттім. Ойын басында бір фигурасын бере салып шабуылға шықты. Мен сауатты қорғана білдім. Сосын мен пілді жеген соң ол кісі маған жеңілдім деп қолын берді. Өте қуаныштымын. 

Малика Зиядин, шахматшы:

- Мен болашақта Жансая Абдумаликпен ойнағым келеді. Мен тағы да чемпион мира барлық жасқа дейінгі болғым келеді. 

Медине Шылымова, шахматшы:  

- Мен шахматты бірінші рет көргенде шахматный доска маған ұнады. Оның фигуралары ақ қара түс екені ұнаған еді. Сол үшін пападан сұрадым үйретші.  Бізді сондай әдемі доска болған еді. Сосын мен чемпионатта Алматы қаласы республикада Қазақстанда ойнаған едім 8- ге дейін. 2, 3-орын алған едім.

«Қазақ өрендерінің шахматқа деген қызығушылығы жоғары дегенді естігем. Бүгін өзім куә болдым. Осы жастардың арасынан әлем чемпиондары шығарына менің сенімім мол»- деп ағынан жарылған Дана Озола артынша жас шахматшылардың анасына семинар сабағын өткізді. ФИДЕ басшысы спорт пен саясаттағы көрген түйгенін айта келе шахматтың өз өміріне қаншалықты әсер еткенін жан-жақты жеткізді.  Сөз соңында әлем чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да тілге тиек етті. Қазақстан мектептерінде шахмат енгізіледі деген жаңалықты да оң қабылдап отыр.  

Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:

- Қазір жол картасы осы жылдың соңына қарай бекітілетін болады. Ендігі жылдан бастап барлық мектептерде факультатив ретінде шахмат енгізіледі. Және 2, 11-кластардың арасында  олимпиада жүргізілетін болады шахматтан.  Жалпы мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. 

Жарысқа келер болсақ ертең рапидтен жеңімпаздар анықталады. Әзірше ерлер расында  норвегиялық Магнус Карлсен топ бастап келеді. Ал қыздар арасында жерлестеріміз Жансая Әбідмәлік пен Зейнеп Сұлтанбектің аяқалысы жаман емес.

Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев