Бокс кешін өткізуге тиым салынды

Бокс кешін өткізуге тиым салды. Батыр Жүкембаев пен Садриддин Ахмедовтың кездесуінен кейін қоғамда қызу талқы болып, іске Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы араласты.

Айта кетейік, бокс кеші өткен сенбіде Алматыда ұйымдастырылған болатын. Оның аясында қазақстандық Батыр Жүкембаев оңтүістікафрикалық Ксолани Мкотелимен жолығып,  қарсыласын 3 рет нокдаунтқа жіберді. ал, 6-шы раундта нокаутпен жеңді. Бұған қоса, Садриддин Ахмедов тағы бір оңтүістікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны бірінші раундта-ақ жеңіп тастады.

Айта кетейік, кейінгісі – 40 жаста. Осындай жеңістер арқылы жерлестеріміз кәсіпқой мансабындағы көрсеткіштерін жақсартты. Бірақ, бұл жағдай бокс жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Ал Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының заң комиссиясы халықаралық бокс ұйымдарының ережелері мен нұсқауларын бұзғаны үшін Stars management пен Luckу Cent промоушн компанияларының ел аумағында бокс кештерін ұйымдастыру құқығынан айырды.

Сондай-ақ...