loader

Данияр Елеусінов чемпион белдігінен айырылды

Данияр Елеусінов чемпион белдігінен айырылды

Данияр чемпиондық белдіктен айырылды.

Халықаралық бокс ұйымы қазақстандық кәсіпқой боксшыны әлем чемпиондары тізіміннен алып тастады. Бұл Данияр Елеусіновтің ұзақ уақыт шаршы алаңға шықпауымен байланысты болуы мүмкін. IBO шарты бойынша, әр салмақ дәрежесі бойынша тоғыз ай сайын жекпе-жекке қатысуы қажет. Айта кетейік, Данияр соңғы кездесуін тура бір жыл бұрын Астанада өткізген еді. Жекпе-жек сарайындағы бокс кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалды жеңіп, IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Ал оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 11 жекпе-жек, 11 жеңіске жетті. «Халықаралық бокс ұйымының  шешімі жайында біз алдын-ала білдік және оған дайын да болдық. Данияр өз мықтылығын дәлелдеп, бокс тарихында қалды. Ал ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауы қолының жарақатына байланысты» деп түсіндірді қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев. Оның айтуынша Данияр кәсіпқой ринге алдағы жылдың ақпан не наурыз айында оралады.

Спорттық құралдар қолжетімді бола түсті

Құзырлы министрлік ұлттық құрамаларды қамтамасыз етуге қатысты заң нормаларын өзгертіп, қағазбастылық және басқа да кедергілерді алып тастады. Соның арқасында қазір спортшыға қажетті құрал-жабдық немесе киім-кешек салыстырмалы түрде жылдам жетеді. Бұған қоса сапасына да ерекше мән беріле бастады. Яғни таптысырысты делдалдарға емес, тікелей өндірушіге береді. Бұл жөнінде елордадағы ұлттық құрама өкілдері мен ведмоство басшыларының кездесуінде белгілі болды. Басқосу барысында 28 жазғы және қысқы спорт түрі бойынша заманауи құралдар табысталды. Бұған қоса паралимпиадалық бағыт та назардан тыс қалмады. Бастама алдағы жылы да жалғасын табады және тізімге басқа спорт түрлерін де қосу жоспарланып отыр.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитеттің төрағасы:

Ербол Хамитов, Парашаңғы және парабиатлоннан ұлттық құрама мүшесі:

- Бұған дейін заңдағы кейбір тетіктерге байланысты құрал-жабдықтарға қол жеткізу қиындау болды. Яғни бюджеттен тиісті ақша бөлнеді. Ал оны сатып алу және бізге жеткізу біраз уақытты қажет ететін. Қазір осы мәселелер жіті ескеріліп, барлық кедергі алынып тасталды. Бұл спортшылар үшін де, бапкерлер үшін де өте қолайлы. Жаңа жылдың алдында осындай ақпаратты алып, қуанып жатырмыз.

Сондай-ақ...