Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында шаңғы тебуден жарыс өтті

Спорттық шараға қатысқысы келетін тұрғындардың жасына шектеу қойылған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайысқа шамамен 100-ден астам адам жиналды. Бұл күні кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқойлар да бабы мен бағын сынады. Нәтижесінде үш шақырым қашықтықты алғаш бағындырған үштік жеңімпаз болды.

Нұрислам Темірбекұлы, жаттықтырушы:

- Биыл біз жаттығу жиындарын өте кеш бастадық. Себебі қар тым кеш түсті. Бірақ соған қарамастан шаңғышыларымыз әр-түрлі жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүр. Қарлы өңірлерге бәсекелеспіз десе де болады. Біздің жаттықтырушылар спорт десе ішкен асын жерге қоятын, жоқтан бар жасайтын нағыз талант иелері.

 

Сондай-ақ...