Тарихи жеңістерге толы жыл

Тарихи жеңістерге толы жыл. Отандық спорттың басы-қасындағылар 2022 жылға осындай баға берді.

Қазір саладағы жұмыстар қорытындыланып, әртүрлі жиындар өтіп жатыр. «Салыстармалы түрде жемісті болды»,- дейді мамандар. Бірақ, әрине, кемшіліктер де жоқ емес. Саладағы мәселелер де ашық көтеріліп, оны шешуше қатысты ұсыныстар айтылуда.

Бейжің -2022. Барыс жылы әлем спорты тарихындағы осындай маңызды шараман басталды. Әсіресе, пандемиядан әбден жалығып, ұзақ үзілістен мезі болған адамзат Қытайдағы жарысты тағатсыздана күтті. Қысқы олимпиадаға 3 мың спортшысы жолдама алды. Араларындажерлесіміз де бар. Бірақ, өкінішке қарай, бірде-біреуі жүлдеге ілікпеді. Бұны отандық спорттағы «жылдың ең үлкен сәтсіздігі» деуге болады. Бірақ, сау спортшылардың жіберген есесін көп ұзамай паралимпиадашылар қайтарды. Қазақстандық Александр Герлиц 10 шақырымдық биатлонда қола жүлдеге қол созып, ұлттық құрама қоржынына жалғыз медальды салды. Ал жылдың басты жетістігі деп Уимблдон турниріндегі Елена Рыбакинаның жеңісін айтуға болады. Қазақстандық спортшы алғаш рет Үлкен Дулыға сериясында топ жарды. Әсіресе, финалда әлемдік рейтингте екінші тұрған Онс Жаберден басым түсті.

Одан кейін футболшыларымыз да сенсация жасады. Ұлттар Лигасы аясында ұлттық құрама Словакия және Беларусь сияқты командаларды ұтып, өз тобында бірінші орынға тұрақтады. Бұл - Магомед Адиев баптайтын жігіттер енді «В» дивизионына көтеріледі деген сөз. Сонымен қатар, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасына таласуға да мүмкіндік алды

Жәнібек Әлімханұлының жеңісін де ерекше атап өтуге болады. Ол алдымен жекпе-жексіз WBO тұжырымы бойынша орта салмқтағы чемпион атанды. Белдіктің бұрынғы иегері Деметриус Андраде Жәнібекпен кездесуден бас тартты. Артынша, жерлесіміз британдық Дензель Бентлиді жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады және соған лайық екенін дәлелдеді.

Дәл осылай тізбелей берсе өте көп. Жалпы біздің өзіміз ақпарат таратқанда «тарихта тұңғыш рет», «бұрын-соңды болмаған» немесе «сенсациялық нәтиже» сияқты тіркестерді өте жиі пайдаландық. Ал отандық спорттың басы-қасындағылар жеткен жетістікке тоқмейілсіп отырған жоқ. Олар ел ішінде салада ондаған жыл қордаланған мәселелерді көтеріп, оны кешенді түрде реттеуге білек сыбана кірісті.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитеттің төрағасы:

- Ұзақ үзілістен кейін ел ішіндегі жарыстар да биыл біртіндеп жанданды. Олармен паралель әлемдік деңгейдегі байрақты бәсекелерді қабылдадық. Ең негізгісі деп елордадағы теннистен АТР 500 турнирін айтуға болады. Астанаға, жалпы Қазақстанға алғаш рет теннистен әлем үздіктері жиналып, өзара мықтыны анықтады. Жуырда ғана дәл осылай шахматтан да әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған қыз-жігіттер Алматыдаға жиналды. Рапид және блитц бағыттарындағы дүниежүзілік дода жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, отандық жас шахматшыларға керемет мотивация болды.  Қысқы спорт түрінің өкілдері де қарап жатқан жоқ. Үнемі жоғары нәтиже көрсетіп жүретін шорт-трек шеберлері биыл да  биіктен көрінді. Әлем кубоктарында бірінен соң бірі топ жарып, соның негізінде Халықаралық федерация қос бірдей әлемдік алманды Алматыда өткізуге рұқсат берді. Бұл сында да Нұрберген Жұмағазиев баптайтын жігіттер кермет өнер көрсетіп, ел абыройын асқаттаты.

Нұрберген Жұмағазиев, шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері:

- Ал алдағы 2023 жыл маңыздылығы жағынан биылғыдан артық болмаса, кем емес. Өйткені,барыс жылы өтпей қалған басты бәсеке Азия ойындары алдағы күзде ұйымдастырылады. Бұған қоса, 2024 жылғы Париж олимпиадаларының лицензиялары сарапқа салына бастайды. Сондықтан, отандық спортқа жауаптыларға, жарыс алаңындағы спортшылар мен бапкерлерге, қала берді спорттың айналасындағы мамандарға да еш босаңсуға болмайды. Оны өздері жақсы түсінеді және алдағы жылы осы қарқынды жоғалтпай, тіпті, одан асып түсуді жоспарлап отыр.