Australian Open: қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жеңіспен бастады

Australian Open: қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Аустралияның ашық бірінішілігінде іріктеу кезеңінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы матчтағы қарсыласы әлемдік рейтинг бойынша өзінен 38 саты жоғары жергілікті спортшы Джеймс Дакворт болды. Екі сет қорытындысына сәйкес, Михаил Кукушкин 7:5 және 6:4 есебімен бәсекелесінен басым түсті. Келесі кезеңде жерлесіміз жапониялық Иосуке Ватанукимен кездеседі.