loader

Хоккей: Қазақстан Словакияны жеңді

Хоккей: Қазақстан Словакияны жеңді

Қазақстанның хоккейден студенттер құрамасы Универсиада айдынында Словакиямен кездесіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Американың Лейк-Плэсид қаласында өткен матч 4:0 есебімен аяқталды. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері сапында Максим Мұхаметов, Станислав Александров, Батырлан Мұратов және Олег Бойко ерекшеленді. Осылайша, Қазақстанның студенттер құрамасы қатарынан 4-ші матчты ұтып отыр. Бұған дейін біздің жігіттер Оңтүстік Кореяны, Венгрияны және Ұлыбританияны ірі есеппен жеңген болатын.

Сондай-ақ...