AusOpen 2023: Е. Рыбакина жеңіспен бастады

AusOpen 2023: Е. Рыбакина жеңіспен бастады

Әлемнің 25-ші және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.

"Үлкен дулыға" турнирінің 22-ші ракеткасы болып тіркелген Елена алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-ші сатыға жайғасқан италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті. Бұған дейін қарсыластар өзара бір мәрте ойнаған еді. Онда Рыбакина жеңіске жеткен болатын. Осы жолы да Елена қарсыласынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Матч шамамен 1 жарым сағатқа жалғасты. Сол аралықта Рыбакина 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін ұтымды пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен ғана шектелді. Енді Рыбакина 3-ші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ші ракеткасы словениялық Кайя Йуванмен немесе рейтингте 185-ші сатыда орналасқан франциялық Селена Яничиевичпен кездеседі.

Сондай-ақ...