ЦСКА «Симбаны» жеңе алмады
Құрамында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын ЦСКА жолдастық кездесуде Танзания ұжымымен тең ойнады.
Мәскеулік клуб "Симба" командасымен тең тарқасты, деп хабарлайды аладоп.кз. Абу-Даби қаласында өткен матч 2:2 есебімен аяқталды. Бірінші тайм қорытындысы бойынша ЦСКА 2:0 есебімен алға шыққан еді. Гол авторлары Чалов пен Хесус Медина. Алайда, екінші таймда "Симбаның" ойын өрнегі өзгерді. Танзаниялықтар Киомбоның дублімен таразы басын теңестірді. Айта кеткен жөн, Зайнутдинов бұл ойынға қатысқан жоқ. Енді 19-шы қаңтарда көк-қызылдар "Орынбор" футбол клубына қарсы матч өткізеді.