loader

"Барселона" футбол клубының ойыншысы Бускетс Лионель Мессидің рекордын қайталады

"Барселона" футбол клубының ойыншысы Бускетс Лионель Мессидің рекордын қайталады

Каталондықтардың хавбегі Серхио Бускетс Испания суперкубогі финалында "Реалмен" болған ойында өзінің экс-командаласы Мессидің ғана емес, сондай-ақ мадридтіктердің бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамостың "Эль-классикоға" қатысу саны бойынша рекордына жетті.

Бұл туралы Opta спорттық басылымы хабарлады. Бускетс үшін бұл "Барселона" сапындағы "Реалға" қарсы 45-ші матчы болды. Еске сала кеткен жөн, Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен суперкубок финалы 3:1 есебімен "Барселона" пайдасына аяқталды. Клубтың бас бапкері Хави үшін бұл бірінші ірі марапат.

Сондай-ақ...