Универсиада 2023: хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы жартылай финалда

Универсиада 2023: хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы жартылай финалда

Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Универсиадада АҚШ-тан 4:1 есебімен жеңілді.

Бірақ өз тобында жинаған жоғары ұпайының арқасында жартылай финалға жолдама алды. Матч барысында есепті айдын иелері ашты. Алайда Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері араға 4 минут салып, таразы басын теңестірді. Батырлан Мұратов ерекшеленді. Америкалықтар қалған 3 голын екінші таймда салды.