Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігіндегі жеңісті жолын сәтті жалғастырып келеді

Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігіндегі жеңісті жолын сәтті жалғастырып келеді

Қазақстанның бірінші ракеткасы үшінші айналымға шықты.

Бұл жолы қазақстандық спортшы Словения өкілі Кайя Йуванды 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Матч бар-жоғы 58 минутта аяқталды. Рыбакина 5 эйс жасап, 1 мәрте ғана қателесті. Енді Мельбурнда Елена америкалық Даниэль Коллинзпен кездеседі.