Жолдастық матч: Месси және Роналду

Жолдастық матч: Месси және Роналду

Астана уақытымен кешкі сағат 17:00-де футболдан Франция чемпионы "ПСЖ" мен Сауд Арабиясының азулы командалары "Әл-Наср" мен "Әл-Хиләл" клубтарынан құралған ұжым арасында жолдастық кездесу өтеді.

Оқу-жаттығу жиыны шеңберінде болатын матчта Месси бастаған жұлдызды құрамға қарсы таяуда ғана "Әл-Наср" сапына ауысқан Криштиану Роналду мен Әлем Чемпионаты кезінде Аргентина қақпасына гол соққан Сәлех аш-Шехри мен Сәлем Әл-Досари өнер көрсетуі мүмкін. Қос футболшы "Әл-Хиләл" құрамында ойнайды. Футбол жанкүйерлерінің айтуынша, жеңіс франциялық клуб еншісінде болады. "Бірақ жасыл алаңға Килиан Мбаппе шықса, Лионель Мессиге Сауд Арабиясының бірлескен ұжымы ғана емес, өзінің командаласы да жанама түрде кедергі келтіруі мүмкін", - дейді кейбір тәуелсіз сарапшылар.