Астанада үстел теннисінен Қарулы Күштер чемпионаты басталды
Жарыс Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының, бас штабтың және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында XIII Спартакиада шеңберінде өтіп жатыр.
Турнирді министрліктің орталық спорт клубы ұйымдастыруда. Шараға қорғаныс ведомствосының басшылығы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Спортшыларды министр орынбасары Дархан Ахмедиев қарсы алды. Додаға 41 команда атынан 120-дан астам спортшы өзара мықтылық байқасып жатыр. Сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте және жеке біріншілікте жеңімпаздар анықталады. Олар медаль-кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Марина Сахарова, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Бүгінгі турнирге алғаш қатысуым. Себебі жұмысқа орналасқаныма 3-4 ай ғана болды. Дегенмен жарыс мықты деңгейде өтіп жатыр деп айта аламын. Бұрыннан бері үстел теннисінен көптеген жарысқа қатысқан болатынмын, бұл жарыстың деңгейі жаман емес. Кілең мықтылар жиналған.