Қазақстанда шахматтан суперфинал өтуі мүмкін

Елімізде ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэн арасында шахматтың суперфиналы өтуі мүмкін. Бұл туралы шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов мәлімдеді.

Қазіргі таңда кездесуді өткізуге ресми өтініш берілді.

Айта кетейік, бұл ойынның жеңімпазы әлем чемпионы атағына ие болады. Одан бөлек, елде шахматтан балалар олимпиадасын да өткізу жоспарланып отыр.