Елордада споршылар психологиясының бірінші конференциясы өтуде

Жоғары нәтижеге келген кезде спортшыларымыз кейбір сәттерде сынып қалып жатады. Психологиялық әлсіздік танытады. Елордада өтіп жатқан спорт психологиясы конференциясы аясында «Qadam» қорының вице-президенті Жандарбек Түсіпов осылай деді.

Жиынның арнайы қонағы болып Әзербайжан спорт академиясының лекторы Нармин Ахмедзаде келіп қатысты. Іс-шара барысында тек лекция оқылып қана қоймай, мастер-класстар өткізіліп, спикерлер мен тыңдаушылар өзара тәжірибесімен алмасты.

Жандарбек Түсіпов, «Qadam» спорттық медицина және ғылымды дамыту қорының вице-президенті:

- Бұл енді біздің бірінші конференция. Алдағы уақытта бізде жоспар бар жаңағы тек қана спорттық психология емес, спорттық жаңағы тамақтану диетология дейді ғой сол бойынша. Өйткені өздеріңіз білесіздер тамақтану деген өте маңызды спорттык алдында болсын, жарыс алдында болсын әртүрлі болады сәттері. Және де содан кейін қалпына келтіру бойынша восстановление реабилитация дейді ғой қалпына келтіру бойынша конференциялар болады. Осы алған білім жаңағы осы жерде ғана қалмай, спортымыздың дамуына ұлттық спортымыздың дамуына, олимпиадада жақсы нәтижие көрсетуімізге деген үлкен үлесін тигізеді деген ойдамын.