loader


Ақтөбе облысында жаңа спорт нысандары ашылды

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл екі спорттық сауықтыру кешені қолданысқа беріледі.

Айта кетерлігі өңірдегі мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің барлығында мұндай нысан бар. Жыл соңына дейін Қаратоғай мен Родниковка ауылыда ашылуы тиіс. Бір үлгіде салынған ғимараттарда шағын футбол, волейбол, баскетболдан бөлек күрес пен үстел теннисі, шахмат пен дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері де жұмыс істейді. Ал шағын ауылдарда вораут және ашық аспан астындағы ойын алаңдары бар. Бұл жайт қалың бұқараның дене шынықтыруды үрдіске айналдыруына жағдай жасаған. Қазір аудан тұрғындарының 40% жуығы спортпен шұғылданады.

Бостан Амантурлиев, Мәртөк ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

- Спорт кешендерінде тек қана балалар емес, кешкілік уақытта халықтың да шұғылдануы бойынша график қойылып, ол жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Мәртөктегі спорт кешенінде жүзу спортынан және де футбол, волейболдан халықтың игілігі үшін қызмет жасап тұр кешкілік уақытта, сабақтан бос уақытта.

Сондай-ақ...