Шымкентте садақ атудан ел чемпионаты басталды

Шымкентте ересектер мен жастар арасында садақ атудан ел чемпионаты басталды.

Жабық манежде өтіп жатқан сайысқа оннан астам облыс пен қалалардан 270-ке тарта спортшы келді. Сұрмергендер арасында олимпиада ойындарының қатысушылары мен Азия және әлемдік турнирлердің жүлдегерлері бар. Ел чемпионатының мақсаты ұлттық құрама сапын қайта жасақтап, бабындағы спортшыларды іріктеу. Үздіктердің лицензиялық турнирлерге қатысуына жағдай жасау, дейді ұйымдастырушылар. Сайыс 23 ақпанға дейін жалғасады.

Еділ Темірбеков, садақ ату спортынан ұлттық команданың басшысы:

- Садақ ату спорты дегенде ұлттық ойын елестейді. Бұл олимпиадалық түрі болғаннан кейін халық біліп, спортшылардың көбеюімен дамып келе жатыр. Қазір айта кетсем өткен жылмен салыстырсақ 200 ге жуық спортшы болса, қазіргі таңда 270 спортшы келді. Бұл дегеніміз дәрежелі спортқа қызығушылар көбейіп жатыр деген ойды білдіреді.