loader


Атырауда құсбегілердің республикалық XVI чемпионаты басталды

Атырауда ересектер арасында құсбегілердің республикалық XVI чемпионаты басталды. 3 күнге созылатын жарыста еліміздің әр өңірінен барған 13 команда бүркіттерінің бабы мен бағын сынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Додаға қатысатын 100-ге жуық аң аулайтын құстың ішінде оннан аса ителгі мен сұңқар, 20-ға жуық қаршыға да бар. Ұйымдастырушылар ұлттық спортқа жастардың қызығушылығы басым екенін айтады. Құсбегілердің жарысы Жайықтың жағасында осымен үшінші рет өтіп отыр.

Бағдат Мүптекеқызы, «Қыран» федерациясының атқарушы директоры:

- Біздің спорттың өзі – қысқы спорт. Халқымыздың өзінің мінезі сияқты, өзінің рухының мықтылығы сияқты осы қыста өтеді. Сондықтан да рухы мықты жігіттер ұлттық спорттың айналасына топтасатын болса, біздің құсбегілігіміз, біздің рухы қашанда биікте болады деп сенемін.

 

Сондай-ақ...