loader


Астанада гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтті

Ел үздіктері анықталды. Астанада гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтті.

Жылдың басты бәсекесінде жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагерлер өзара мықтыны анықтауға мүмкіндік алды. Сәйкесіншке, қатысушылардың жалы саны 300-ге жуықтады. Әсіресе, ересектер арасында 73 келіде өнер көрсеткен Қобыланды Орынбасар ел реколрдын жаңартты. Түркістандық спортшы қос 32 келілік гір тасын 10 минутта 83 рет басынан асырды. Жастар арасындағы бәсекелестік те жоғары болды. Мысалы, 63 келіде солтүстікқазақстандық Иван Лысенко 24 келілік тасты 84 мәрте, 73 келідегі қостанайлық Александр Шпилевой 102 мәрте бағындырды. Қос көрсеткіш те Қазақстанның жаңа рекорды саналады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасқаталып, алдағы Азия және Әлем чемпионаттарына дайындықты бастайды.

Сондай-ақ...