Астанада жас бапкерлер арасында баскетболдан семинар өтті
Астанада жас бапкерлер арасында баскетболдан семинар өтті.
Аталмыш шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген бапкерлер қатысты. Шараның мақсаты жастар арасында спортты насихаттап, жаттықтырушылардың біліктігін арттыру.
Баскетбол - әлемдегі миллиондаған адамдардың хоббиі. Ал білікті бапкер болу жігер мен табандылықты талап етеді. Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміз солардың қатарынан. Саламат Торғаевтың бапкерлік кәсіпте бағы жанды деп айтуға толық негіз бар.Ол жаттықтыру семинарына Атыраудан арнайы келген.
Саламат Торғаев, бапкер:
- Өзімнің білімімді жетілдіру үшін келдім осы семинарға. Семинар өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Семинар өткізіп жатқан тренерлеріміз Еуропадағы белігілі тренерлер. Атырау облысында өзім біршама жылдар бойы жаттықтырушы болып жасаймын
Аталмыш шарның ұйымдастырылуына сербиялық бапкер Саша Груич мұрындық болды. Ол осымен 15 жыл қатарынан Сербия, Черногория елдерінде жас бапкерлерді жаттықтырумен айналысып келеді. Бірақ Астанадағы семинар алғаш рет өткізілді.
Саша Груич, Сербиялық жаттықтырушы:
- Былтыр Қазақстаннан 30 шақты спортшы қатысты. Бұл жолы одан да көп адам қатысады деп үміттенеміз. Соңғы 3-4 жылда Ресейді қоспағанда, Қазақстанға алғаш рет осылай семинар өткізіп жатырмыз. Бұл шара күзде тағы да қайталауды жоспарлап отырмыз.
АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны 1936 жылы алғаш рет ХІІ олимпияда ойындары бағдарламасына енді. Ал Қазақстанда 1928 жылы Қызылорда, Ташкент қалаларында алғашқы жарыстар өткізілді.
Авторлары: Ерлан Шаншархан, Мұрап Әріпханов