Е. Рыбакина Майами турнирінің келесі айналымына өтті
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дүбірлі додада отандасымыз әлемнің 29-шы ракеткасы Паула Бадосаға қарсы ойнады. Әу баста сарапшылар матчтың фавориті ретінде Рыбакинаны таңдаған. Алайда испаниялық теннсиші тегеурінді қарсылық көрсетіп, кездесудің алғашқы сетін жеңіп алды. Матчтың екінші бөлігі де қызық өтті. Тіпті Бадосада матчбол ұру мүмкіндігі болған. Дегенмен шешуші сәтте Елена кері брейк жасап, жеңісті жұлып алды. Үшінші сет те отандасымыздың пайдасына жазылды. Осылайша, 2 сағат 33 минутқа созылған матчтың қортындысы бойынша Рыбакина келесі айналымға өтті. Енді ол Петра Мартич-Элиза Мертенс жұбының жеңімпазымен ойнайды.