Садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр
Астанада садақ атудан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр.
7 мен 18 жас аралығындағы ұл-қыздар екі күн бойы нысанаға дәл тиюден өзара мықтыны анықтайды. Ұйымдастырушылар қазақтың байырғы спорт өнеріне жасөспірімдердің қызығушылығы артып келе жатқанын айтады. Республикалық додаға әр өңірден 170-ке жуық жас мергеннің жиналуы осыған дәлел.
Әбдуәлім Тоқтарбайұлы, сайысқа қатысушы:
- Мен бұл садаққа 2 жыл бұрын келдім. Екі жыл бұрын мен нысанаға дөп тигізе алмадым. 1 жылдан кейін менде ақырындап жасала бастады, одан кейін жарыстарға шыға бастадым орын ала бастадым.
Диас Ахметов, республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті:
- Бұл балалардың арасында тұңғыш рет бөлек ұйымдастырылып жатқан чемпионат. Бұл чемпионатқа 15 өңірден балалар жиналып отыр. Балалар 7,8,9 жас – 10,11,12 жасқа бөлінген әр категория бойынша. Қалқан нысанасы бойынша, пута нысана бойынша және біздің қазақтың жамбы қозғалатын балалар өздерінің бақтарын сынайтын болады.