Президент бокстан әлем чемпиондарын құттықтады

Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің боксшыларды twitter-де құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!» делінген жазбада.