«Астана» велоспортшысы сегізінші орыннан көрінді

«Астана» велоспортшысы сегізінші орыннан көрінді

Бір күндік демалыстан кейін "Жиро д Италия" көпкүндігі жалғасты.

10-шы кезеңде Даниялық Магнус Корт топ жарды. Жеңімпаз 196 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 51 минут 15 секундта бағындырды. Канадалық Дерек Джи екінші болып мәре сызығын қиды. Үздік үштіктің қатарында италиялық Алессандро Де Марки бар. "Астана" командасының велошабандозы Марк Кавендиш кезеңді сегізінші болып аяқтады.