Қазақстан премьер-лигасының 11-туры өтті
Қазақстан премьер-лигасының 11-ші турында топ басындағы командалар ұпай жоғалтты.
Ел чемпионы "Астана" "Атырауға" қонаққа барып, жергілікті ұжыммен ұпай бөлісті. Елорда футболшылары алаңдағы басымдықты нәтижеге ұластыра алмады. "Атырау" сауатты қорғанып, "Астананың" шабуылына лайықты тойтарыс берді. Турнир кестесінде елорда командасы 29 ұпаймен бірінші орында тұр. "Атырау" 18 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты. 11-ші турда "Ақсу" "Жетісуды" жеңді. "Каспий" -"Шахтермен" тең түсті. "Мақтаарал" "Қайраттың" осал тұсын тапты. "Тобыл" "Оқжетпестен" айласын асырды. "Ордабасы" "Қызылжардан" үш ұпай алып қайтты. "Ақтөбе" "Қайсарды" ұтты.