«Астана» велоспортшысы гранд-турда жеңіске жетті
«Астана» велокомандасының спортшысы Марк Кавендиш "Жиро д Италия" көпкүндігінің соңғы финалдық кезеңінде топ жарды.
Британиялық велошабандоз спринтерлік сайыста құстай ұшып, қалың топтан озып кетті. Бұл Кавендиштің Италия Гранд-Турындағы 17-ші жеңісі. Рим қаласындағы финалдық кезең 126 шақырымға созылды. Мәре сызығын екінші болып Люксембург жігіті Алекс Кирш кесті. Италиялық Филиппо Фиорелли үздік үштіктен көрінді. Жалпы есепте словениялық Примож Роглич "Жиро д Италия" көпкүндігінің чемпионы атанды. "Астана" сапынан испаниялық Луис Леон Санчес 24-ші орынды қанағат қылды.