Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті

Сенсациялық жеңіс.

Қазақстандық Юлия Путинцеваның «Ролан Гаррос» турниріндегі жеңісіне теннис мамандары осындай баға беріп жатыр. Жылдың басты бәсекелерінің бірі Франция астанасы Париж қаласында өтуде. Жерлесіміз екінші айналымда қытайлық Чжэн Циньвэньмен жолықты. 20 жастағы қарсыласы қазір әлемдік рейтингте 19-шы тұр. Соған қарамастан Юлия жеңіске жетті. Матчтың өзі 2 сағат 26 минутқа созылды. Ал қорытынды есеп: 6:3, 4:6, 6:2. Енді Юлия үшінші айналымда америкалық Слоан Стивенспен кездеседі. Айта кетейік, осының алдында тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина да екінші айналымға шыққан еді. Осының арқасында қазір ол әлемдік рейтингте 3-ші орынға көтерілді. Бұл ақпарат ресми «Ролан Гаррос» турнирінен кейін жарияланады. Ал жігіттеріміздің жолы болар емес. Александр Бублик пен Тимофей Скатов алғашқы айналымда есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Париж қаласындағы турнир 12-ші маусымға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 46 миллион 600 мың еуроны құрайды.