Астана қаласы дзюдодан әлемдік гранд-слэмді қабылдайды

Бірлескен жаттығу жиыны басталды.

Бірер күннен кейін Астана қаласы дзюдодан әлемдік гранд-слэмді қабылдайды. Айта кетейік, бұндай деңгейдегі байрақты бәсеке елімізде алғаш өткелі бұр. Оған 45 елден 400-ге жуық қатысушы жиналады. Қазірдің өзінде елордаға Қазақстан және Қытай құрамасының қыздар құрамасы келіп, бірлесткен дайындық жүргізіп жатыр. Ел намысын қорғайтындар қатарында 30-ға жуық бұрымды бар. Яғни гранд-слэм бәсекесінің ерекшелігі қабылдаушы мемлекет әр салмақта 4 спортшыдан татамиге шығара алады. «Бұл, әсіресе, жас дзюдошыларымыз үшін керемет мүмкіндік», - дейді мамандар. Әзірге қос тарап жалпы финалдық дайындықты пысықтап, спаррингтік кездесулер өткізеді. Жарыс жақындағанда салмақты реттеу процесіне кіріседі. Әлемдік аламанның өзі 16-шы және 18-ші маусым аралығында болады.