Алматыда шахматтан Азия құрлықтық чемпионаты аяқталды

Сүлейменов – қола жүлдегер. Алматыда шахматтан Азия құрлықтық чемпионаты аяқталды. Байрақты бәскеге 18 елдің ең үздік шахматшылары жиналған еді.

Олар соңғы жарыс күндері классикалық бағыты бойынша өзара мықтыны анықтады. 9 турдан тұратын жарыс қорытындысы бойынша өзбекстандық Шамсиддин Вохидов топ жарды. Ол 7 ұпай жинады. Екінші орын Иран гроссмейстері Бардия Данешварға бұйырса, қазақстандық Әлішер Сүлейменов үздік үштікті түйіндеді. Айта кету керек, күміс және қола алған спортшылардың ұпайлары бірдей. Жүлдеге іліккен жерлесіміз енді Бакуде өтетін әлем чемпионатында қатысады. Айта кетейік, Алматыдағы құрлықтық дода 3-ші маусымда басталды. Ал, оның жалпы жүлде қоры 100 мың аҚШ долларын құрады.