Астанада дзюдодан әлемдік гран-слэм өтеді
Жарыс алаңы 80 процентке дайын.
Бірер күннен кейін Астанада дзюдодан әлемдік гран-слэм өтеді.
Айта кету керек, Қазақстан дәл осы деңгейдегі жарысты алғаш қабылдағалы тұр. Байрақты бәсеке елорда төріндегі «Барыс Аренада» болады. Осыған байланысты қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Астанадағы алып спорттық кешен халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына толық сәйкес келеді. Алдағы әлемдік аламанға 46 елден 400-ге жуық спортшы қатысады. Әсіресе, Қазақстан құрамасы қабылдаушы ел ретінде әр салмақта 4 спортшдан шығара алады.Бұл еліміздегі жас дзюдошылар үшін керемет мүмкіндік дейді мамандар. Гранд-слэм «Қазақ барысы» деген атау аясында ұйымдастырылмақ. Ал оның жалпы жүлде қоры 154 мың еуроны құрайды. Бұған қоса, жеңімпаз атанғандарға рейтингілік ұпайлар да таратылады. Бұл көрсеткіш Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.