Әлем чемпионы Артем Антропов допингпен ұсталды

Әлем чемпионы допингпен ұсталды.

Қазақстандық Артем Антроповтың қанынан тыйым салынған препарат табылды. Бұл жағдайды Халықаралық тестілеу агенттігінің сараптамасы анықтады. Антропов тура бір ай бұрын Оңтүістік Кореяда өткен Азия чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанған еді. Ол 109 келіге дейінгілер арасында өнер көрсеті. Міне, сол кезде оның SARMS-23 препаратын қолданғаны белгілі болып отыр.

Айта кетейік, Антропов 2020 және 2022 жылдары ересектер арасындағы Азия чемпионатында да топ жарды. Ал 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын. Қазір жасы 23-те. Жалпы, қазақстандық ауыр атлетер допинг дауына өте жиі ілігеді. Мәселен, биылдың өзінде осылай 6 спортшымыз барлық жарыстардан шеттетілді.