UFC: Рахмонов пен Мухаммад кездеседі
Кезекті қарсылас белгілі. Қазақстандық Шавқат Рахмонов америкалық Белал Мухаммадпен жолығады. UFC ұйымы аясындағы жекпе-жек кеші 21 қазанда Абу-Даби қаласыда өтеді. Бұл жөнінде журналист Рубен Картер мәлімдеді. Қазір аралас жекпе-жек шеберлері жарыс алындағы дайындықты пысықтап жатыр.
Айта кетейік, Белал Мухаммад бүгінге дейін 25 кездесу өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. 3 рет есе жіберді. UFC ұйымының рейтингінде, яғни орта салмақтағы жігіттер арасында үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал Шавқаттың көрсеткіші – 17 жекпе-жек, 17 жеңіс. Жерлесіміз аталған тізімде әзірге 6-шы орында. Ол соңғы рет октагонға биыл наурыз айында шығып, тағы бір америкалық Джефф Нилді қылғындыру әдісімен ұтқан болатын.
Ал қарсыласы Белал бір ай бұрын бразилиялық Гилберт Бернспен айқасты. Нәтижесінде төрешілер шешімімен Белал жеңіске жетті.