Астанада бильярдтан Амангелді Сейітханды еске алу турнирі өтті
Жеңісті күндерде жүздескенше. Дәл осындай атаумен елордада бильярдтан Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнир өтті.
Айта кету керек, жарыс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр. Оған бас-аяғы 13 команда қатысты. Олар 4 топқа бөлініп, айналмалы жүйеде өзара мықтыны анықтады. Кейін үздік шыққандары плей-офф кезеңінде бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде «Қастауыш» командасы барлығын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. ІІ орынды «Ұлттық арна» командасы алса, «Қазақ спорт» газеті үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен Амангелді Сейітхан жазбаларының жинағы табысталды.
Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Алдағы уақытта турнирдің ауқымын кеңейтіп, қатысушылар санын арттыру көзделіп отыр.