Абай облысында сәйгүліктер 140 шақырымдық бәйгеде жарысты

Ұлы дала қазанаты.

Дәл осындай атаумен Абай облысының Ақсуат ауылында жыл сайын ат жарысы өтеді. Ерекшелігі сол – оның жалпы қашықтығы 140 шақырымды құрайды. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 112 сәйгүлік жиналды және бұл саны жағынан өзіндік рекорд саналады. Олар таң бозында Көкпекті ауылынан шығып, Тарбағатай даласымен Екпін елді мекеніне дейінгі аралықты бағындырды. Нәтижесінде жетісулық Мұрат Күлтековтің сәйгүлігі «Бақторы» мәреге бірінші болып жетті. Ол аталған жолды 6 сағат 15 минутта жүріп өтті. Сәйкесінше бұл да аталмыш бәйгенің рекорды. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 7 сағат 12 минут болатын. Ал шабандоздың есімі Хавай Даргербек. Бұдан бөлек дүбірлі дода аясында Тай, Топ және Аламан бәйгелер де ұйымдастырылып, жеңімпаздарына автокөлік пен ақшалай сыйақы табысталды.

Азия үздіктері Астанаға жиналды. Мұнда волейболды отырып ойнаудан құрлықтық дода өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 9 елден 200-ден аса спортшы жиналды. Олар енді 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Айта кету кереу, елодадағы жарыстың лицензиялық деген санаты бар. Яғни, жеңіске жеткен командалар алдағы жылы Париждегі паралимпиадаға жолдама алады. Сондықтан матчтар ә дегеннен тартысты басталды. Алғашқы күні ұлттық құрама жапониялық жігіттермен жолығып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 3:0. Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы үнлістандық командамен жолығып, бұнда да жерлестеріміз 3:0 есбемен ұтты. Жалпы осы әйелдер құрамасы жуырда ғана құрылды және бірінші рет құрлықтық деңгейдегі додаға қатысып жатыр.Астанадағы Азия чемпионатының жалпы қорытындысы 8 шілдеде белгілі болады.

Бауыржан Тақауов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құраманың бас бапкері

Халықаралық турнир мәресіне жетті. Астанада бокстан жыл сайын өтетін Елорда кубогі ұйымдастырылып, оған 10 елден 200-ге жуық қатысушы жиналды. Жарыс бағдарламасы бойынша ерлер 13, әйелдер 12 салмақта өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде ұлттық құрама үздіктері үмітті ақтап, жарыс жеңімпазы атанды. Жеңіл салмқатарда Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов және Тимур Қабдештер алдына жан салмады. Ал 57 келіде  Махмұд Сабырхан топ жарды. Айта кету керек, әлем чемпионы бұл салмаққа жуырда ғана ауысты. Соған қарамастакн барлық қарсыласын айқын басымыдқпен ұтты. Осы табандылығының арқасында «ең үздік боксшы» атанды. Басқа салмақтарда  Ертуған Зейнуллинов, Нұрқанат Райыс, Абзал Құттыбеков және Сағындық Тоғамбай бас жүлдені жеңіп алды. Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер құрамы үшін бұл ерлер арасындағы ұлттық құраманы іріктеуге жақсы мүмкіндік. Өйткені бірер айдан кейін Қытайдағы Азия Ойындары, ал бір жылдан кейін Париждегі Олимпиада Ойындары бар. Отандық бокстың басы-қасындағылар осы бастан ел намысын қорғайтын жігіттерді анықтап, кешенді дайындыққа кіріспек.