Дүниежүзілік жазғы Универсиада: ел қоржынында 2 алтын
Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындарында ел қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Спорттық гимнастикадан сынға түскен Милад Карими жарады. Ол жекелей жарыстағы еркін жаттығуда 14,300 ұпай жинап, тұғырдың ІІ орнына көтерілді. Милад әлі де 2 бәсекенің ақтық сынында өнер көрсетеді.
Еркін жаттығуға қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Патанин 13,566 ұпай жинап, V орынға табан тіреді.
Қазақстан құрамасы әзірге 2 алтын, 7 күміс, 7 қола жүлде еншілеп отыр.